Қызылордалық түлек ҰБТ-дан 140 балл жинады

53
0





Фото:Қызылорда облыстық білім басқармасы

 Қызылорда облысының Шиелі ауданындағы Шоқан Уәлиханов атындағы №127 орта мектеп-лицейдің бітіруші түлектері, егіз қыздар Кәусар және Гауһар Алтынсары ҰБТ-да жоғары нәтиже көрсетіп, аймақ мерейін үстем етті.

Егіздердің бірі Кәусар 140 балл, ал Гауһар 139 балл жинады.

 - Олар ағылшын тілі мен дүниежүзі тарихы пәндерін таңдаған. Сонымен қатар IELTS халықаралық емтиханынан 7.5 балл жинап, халықаралық сертификат иегері атанды. Бұл жетістік – табандылықтың, тынымсыз еңбектің және білімге деген құштарлықтың жемісі, - деп хабарлады облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.


Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: