Қызылордалық оқушы республикалық байқауда жеңіске жетті

60
0
«Буктрейлер" республикалық  байқауы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен, Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институтының бастамасымен  өткізілген. 
Қызылорда облысының білім басқармасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, байқауға аймақ атынан қаладағы С.Толыбеков атындағы 3 ІТ мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы Жұматай Азат қатысып, Әбіш Кекілбаевтың “Шыңырау” кітабы бойынша буктрейлерін ұсынды. Оқушының жұмысы комиссия тарапынан жақсы бағаланып, байқаудың жеңімпазы атанды.
Айта кетейік, байқауға еліміз бойынша 400-ден астам оқушы қатысып, өз жұмыстарын ұсынған. Конкурс шарты бойынша, қатысушы өзі оқыған кітабы, шығармасы желісінде буктрейлер бейнеролигін түсіруі қажет болатын. 

Сурет ашық дереккөзден алындды

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: