Шиелі ауданында ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Нұртөре Жүсіп пен Руслан Рүстемов және облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Олжас Ысқақовтың қатысуымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес қабылданған «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында МРТ аппараты іске қосылды.
649 900 000 теңгенi құрайтын магнитті-резонансты томограф аппараты күнiне шамамен 20 науқастың диагнозын дәл анықтамақ. Инсульт, онкологиялық және тағы да басқа сырқаттарды анықтауда септігін тигізер МРТ аппараты жыл соңына дейін Жаңақорған, Қазалы, Арал аудандарында да ел игілігіне беріледі.
Айта кетейік, Шиелі ауданында Ұлттық жоба аясында 8 дәрігерлік амбулатория, 30 төсектік инфекциялық және инсульт бөлімшесі бар ауруханаға қосымша құрылыс салынды. Сондай-ақ, аймақ басшысының қолдауымен 30 санитарлық автокөлік берілді.