Қызылордада ақсақалдар донор болып, қан тапсырды

33
0

Қызылордада ардагерлер ерікті түрде өзгеге көмегін тигізу үшін  донор болып, қан тапсырды. Аймақта 70-80 жас аралығындағы ардагерлердің донор болуы  алғаш рет.  

    Өздеріңізге белгілі донор болу  өзіңе де , өзгеге де жасалған игі іс болып саналады.  Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, кейінгі жылдары аймақта донор болуға ниетті адамдар қатары көбейіп келеді.  Мәселен, 2021 жылы облыстық қан орталығына 6151 адам қан тапсырса, былтыр 6323 адам донор болған. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 2,8 пайызға өсіп отыр.    

    Орталықта жалпы қан қоры  147 доза. Оның ішінде 100 дозасы беруге дайын жаңа мұздатылған плазма анализдері. Қан плазмасы  100 доза. Қан сарысу қоры - 100 доза, яғни , қан қоры жеткілікті. 

    Қазіргі кезде  қалада жылына 5000-10000  жоспарлы донациялық IV санаттағы облыстық қан орталығының құрылысы жүруде. Алдағы уақытта халық жаңа ғимаратта қан тапсыратын болады. Тағы бір айта кетерлік жайт, донор болу жас шектемейді. Денсаулық жағдайы жараса, 18 жастан бастап қан тапсыруға болады. 

    

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: