Көктайғақ: Қызылордада бір тәулікте 150 адам жарақат алған

32
0

Қызылордада ақпанның 1-нен 2-сіне қараған түні жаңбыр жауып, таңертеңгі аяздың салдарынан көктайғақ болды. Ауа райының қолайсыздығынан біраз адам зардап шекті. Бұл туралы облыстық "Сыр бойы" газетінің сайты хабарлайды.

Қызылорда қалалық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Қадырбек Әліповтің айтуынша, 2 ақпан күні таңғы сағат 8-ден бастап бір тәулік ішінде көктайғақ кезінде құлап, түрлі дене жарақаттарын алған 150 адам дәрігерлердің көмегіне жүгінген. 21 адам ауруханаға жатқызылып, 3 адам жансақтау бөліміне түскен, ал 18 адам травматология бөлімінде стационарлық ем алуда.

Ал 3 ақпан күні таңертең облыстық көпсалалы аурухананың жедел жәрдем бөліміне 8 адам жүгінген. Олардың үшеуі ауруханаға жатқызылды.

Сурет ашық дереккөзден алынды.


Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: