Қазақстанда инфекциялық аурулардың ұлттық ғылыми орталығы ашылды

10
0

Фото: Денсаулық сақтау министрлігі

Алматы қаласында Мемлекет басшысының тапсырмасымен салынған стратегиялық маңызды нысан – Инфекциялық аурулардың ұлттық ғылыми орталығының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова, сондай-ақ Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды қатысты.

Орталық COVID-19 пандемиясы кезіндегі мәселелерден сабақ ала отырып, денсаулық сақтау жүйесіндегі дайындық деңгейін арттыру, ғылыми әлеуетті дамыту, цифрлық шешімдерді енгізу және кадрларды дайындау мақсатында бой көтерді. 

350 төсек-орынға есептелген жаңа орталық еліміздің түкпір-түкпірінен туберкулезбен ауыратын 2,5  мың науқасты жыл сайын емдеуге және диагностикалық көмек көрсетуге ықпал етеді.

«Бұл орталық Президент тапсырмасымен ұлт денсаулығын нығайту және биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында бой көтерді. Бүгінде бұл Орталықта ғылыми зерттеулер, озық технология және болашақ мамандарды тәрбиелеу бағыттары өзара сабақтасып, біртұтас жүйеге айналып отыр. Инфекциялық аурулардың ұлттық ғылыми орталығы өскелең ұрпақтың денсаулығын сақтауға, ұлттық қауіпсіздікті нығайтуға және отандық медициналық ғылымды дамытуға зор үлес қосады деп сенемін», – деді Аида Балаева.


Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: