Үшем келді өмірге

13
0
 Қызылордада 30 жастағы қала тұрғыны Алтынай Байназарова 15 қыркүйек күні облыстық перинаталдық орталығында  үшем босанды. Жүктіліктің 34-аптасында өмiрге келген нәрестелер биыл жарық дүниеге есігін ашқан 2-ші үшем.
      Қошқарбаевтар әулетінiң сәбилерi 2180, 2090, 1390 грамм болып туылған. Үшеуі де қыз бала. Ата-әжелері немерелеріне Әмина, Медина, Ясина деп ат қойды. 
      Шақалақтар 1 ай бойы орталықтың нәрестелер жансақтау, нәрестелер патологиясы бөлімшесінде ем қабылдап, қазіргі таңда жағдайлары тұрақталған соң анасымен бірге  үйлерiне шығарылып отыр. 
     «Ана мен бала орталығының босандыру бөлімшесіне, ота жасайтын және емдеуші дәрігерлерiне зор алғысымды білдіремін. Орталықтағы ана мен бала үшін қолайлы жағдайдың жасалатыны, заманауи жабдықтармен қамтамасыз етiлуi, білікті мамандардың жоғары кәсібилігі үшін рахмет. Ақ халаттылардың нәтижелi еңбегінiң арқасында біздің сәбилер толыққанды өмір сүру мүмкіндігін иеленуде» , - деп үшемнің анасы сала мамандарына алғысын білдiрдi 
     Жыл басынан бері облыстық перинаталдық орталығында 8339 нәресте дүниеге келсе, соның  120-i егіз, үшемдер саны - 2.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: