Жүйе іске қосылған 2017 жылдың 1 шілдесінен 2023 жылға дейінгі аралықта Қызылорда облысында әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 44,5 млрд. теңге аударды.
Оның 27,9 млрд теңгесі жұмыс берушілердің аударымдары болса, қалған 16,6 млрд теңге - жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғаларға тиесілі. Бұл тураплы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Бақыт Исмаханбетов хабарлады.
Жинақталған қаржы сенімгерлік басқару туралы келісім бекітілген Ұлттық банкте сақталады және МӘМС пакеті шеңберіндегі қызметтер ақысын төлеуге жұмсалуда.