ҚАЖ қызметкерлері қан тапсырды

1
0


Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті 37 мекемесінің қызметкерлерінің қатысуымен  қайырымдылық пен адамгершілікті ұштастырған игі шара өтті. Мекеме басшылығының бастамасымен ұйымдастырылған «Қан тапсыру – өмір сыйлау» акциясы аясында мекеме қызметкерлері ерікті түрде қан тапсырды.

Шараға облыстық қан орталығының мамандары арнайы келді. Мекеме бастығы әділет подполковнигі Абай  Битаевтан бастап  20-ға жуық донор және қалалық пробация қызметкерлері белсене қатысты. 

– Қан  күтіп өмір мен өлім арасында жатқан науқастың өмірін сақтап қалу үшін ерікті түрде қан тапсыру – адамгершіліктің жарқын көрінісі әрі сауапты іс екені сөзсіз. Біз тапсырған қан мұқтаж жандардың өмірін сақтауға себепкер болса, бұл шараның басты мақсатына жеткені деп білемін. Әрбір азамат осындай қайырымдылықтан қалыс қалмауы керек, – деді мекеме бастығы Абай Есенгелдіұлы.



Сурет облыстық ҚАЖ департаментінен


Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: