Референдум

«Ең үздік студенттік топ – 2025» байқауының жеңімпаздары анықталды

52
0


Алматы қаласында Халықаралық студенттер күніне орай «Almaty Students Week» және «Jas Gala» жобалары аясында "Ең үздік студенттік топ – 2025" қалалық байқауы өтті. Шараны Алматы қаласының жастар саясаты басқармасының қолдауымен    студенттер альянсы ұйымдастырды.

Жобаның негізгі мақсаты – студенттердің тұлғалық дамуын қолдау, азаматтық белсенділігін арттыру, сондай-ақ ұжымдық жауапкершілік сезімін қалыптастыру. Сонымен бірге, университеттік дәстүрлерді нығайтуға және шығармашылық ортаны дамытуға бағытталған.

Байқауға Алматы қаласының жоғары оқу орындарынан ең үздік деп танылған 10 ЖОО-дан 10 студенттік топ қатысты. Сайыс 2 кезеңнен тұрды. Алғашқы кезеңде студенттік топтар өз жоғары оқу орнын және мамандығын таныстырып, жобалық жұмыс, әлеуметтік белсенділік пен креативтілік бойынша бағаланды. Екінші кезеңде финалға өткен топтар өздерін таныстырып, өнер көрсетіп, интеллектуалдық және шығармашылық бағытта сынға түсті.

Байқаудың қорытындысы бойынша үш жеңімпаз топ анықталып, жалпы жүлде қоры 1 000 000 теңгені құрады. 

Қорытындысында I орынды «Шырақ»  Қазақ Ұлттық қыздар педогогикалық университеті және «AHEU жастары» Алматы гуманитарлық экономикалық университеті студенттік топтары жеңіп алды. II орынды  Нұр-Мүбарак университетінің «Шабыт»  және Нархоз университетінің «Smart generation»  топтары  иеленді. III орын  Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «QGNT» және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Farabi НСО»   топтарына берілді.

Жеңімпаздар мен жүлдегелер арнайы Алғыс хаттар мен қаржылай сертификаттармен марапатталды.



Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: