Қазақстанның 15 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

18
0

Қазгидромет синоптиктері ауа райының бұзылуына байланысты еліміздің 15 өңірінде ескерту жариялады деп хабарлайды ҚазАқпарат.

18 ақпанда Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-батысында тұман түседі.

18 ақпанда Ақмола облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын көтеріледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында екпіні - 15-20 м/с.

18 ақпанда Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде жел қарқыны 18 м/с жетеді.

Алматы қаласындатүнде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, тұман түсіп, көктайғақ болады.

Осы күніАлматы облысындада тұман түседі, көктайғақ.

Астанада оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз жел екпіні - 15-18 м/с.

18 ақпан түнде Абай облысының батысында, оңтүстік-батысында, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын соғады. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың орталығында, оңтүстік-батысында желдің күші - 15-20, Жарма ауданында екпіні - 23 м/с.

18 ақпан күндіз Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын көтеріледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстік-шығыстан екпіні - 15-20 м/с.

18 ақпанда Қызылорда облысының орталығында - көктайғақ, тұман.

18 ақпанда Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, таулы аудандарда желдің күші - 15-20 м/с.

Шымкент қаласында18 ақпан түнде және таңертең тұман түседі.

18 ақпанда Қостанай облысының басым бөлігінде қар жауады. Облыстың оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, желдің қарқыны күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с жетеді.

18 ақпанда Павлодар облысының оңтүстігінде боран соғады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде күндіз екпіні - 15-20 м/с

18 ақпан күндіз Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар жауады. Облыстың оңтүстік-батысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, оңтүстігінде екпіні - 15-20 м/с.

Түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты қар жауады. 18-19 ақпанда облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығыс желіне ауысады, 18 ақпанда облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында - 15-20 м/с, 19 ақпанда облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарында жел қарқыны 15-20 м/с дейін күшейеді.


Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: