Тұман салдарынан Босфор бұғазында кеме қозғалысы тоқтатылды

3
0

  

Сурет:gettyimages.com 

Қалың тұман түсуіне байланысты Ыстамбұлды Еуропа мен Азияға бөліп жатқан Босфор бұғазының қос бағытында да кеменің жүзуіне тыйым салынды. Бұл туралы бүгін Түркияның Жағалаудағы күзет басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

«Қалың тұман түскендіктен, екі бағытта да жергілікті уақыт бойынша сағат 4:35-те кеме қозғалысы уақытша тоқтатылды», - делінген хабарламада.

Мәрмәр теңізі аймағында Босфор мен Дарданеллада кеме қозғалысы өткен аптада бірнеше рет қалың тұман салдарынан тоқтатылған болатын. Бұл оқиға Ыстамбұлдың Азия бөлігіндегі Сабиха Гекчен атындағы әуежай жұмысына кедергі келтірді.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: