Қызылорда облысы Сырдария ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында «Киелі мекен» апталығы өтті. «Жалын» еріктілер штабының бастамасымен, ауыл тұрғындары мен жастардың қолдауымен Қажы Мәді (Диуана) қожа баба кесенесінің аумағына тазалық жұмыстары жүргізілді.
Атқарылған жұмыстар аясында кесене аумағы тұрмыстық қалдықтардан тазаланып, ішкі тазалық жұмыстары жасалды. Одан бөлек, ондағы ғимараттар қалыпқа келтірілді.
Жалпы саны 1 000 дана тал көшеттері отырғызылды.
Сурет Қоғамдық даму басқармасынан.