Қызылорда: Ақпанда ауа райы қалай болмақ?

43
0

 «Туған ай – туралған етпен тең» деп халқымыз бекер айтпаса керек, ә дегенше қыстың соңғы айын да  бастадық. Әдетте қаңтар, ақпан айлары ызғарлы суығымен, бет қаратпас қарлы-боранымен есте қалатын. Алайда былтыр мен биыл Қызылорда да ауа райы халық күткендей емес. Биылғы қаңтарда күн райы аса бір суық бола қойған жоқ, сонысымен жанға да, малға жайлы болғандай. Ал ақпаннан не күтеміз?  

«Қазгидрометтің» облыстық филиалының болжамынша, ауаның орташа айлық температурасы -0,4-8,9 градус күтіледі. Бұл облыстың басым бөлігінде норма шамасында, облыстың қиыр оңтүстігінде нормадан 1 градус жоғары (норма: -1,4-9,4°С). 

Бірінші онкүндіктің екінші жартысында ауа температурасы түнде -10-15 градус, оңтүстік-шығыста -5 градусқа дейін, күндіз 0,-5 градус, облыстың солтүстік-шығысында -10 градусқа дейін төмендеуі болжануда. 

Екінші онкүндікте ауа температурасының түнде -5-10 градус, облыстың оңтүстік-шығысында 0 градустан -10-15 градус, солтүстік-батыста  20 градусқа дейін, күндіз 0,+5 градустан 0,-5 градус, облыстың солтүстік-шығысында 10 градусқа дейін ауытқуы күтіледі. Кейін ауа температурасы түнде -16-21 градус, облыстың солтүстік-батысында -24 градусқа дейін, күндіз -5-10 градус, оңтүстік-шығыста -2 градусқа дейін төмендеуі болжануда. Онкүндіктің  аяғында ауа температурасының жоғарылауы күтіледі. 

Ал үшінші онкүндіктің басында ауа температурасының түнде -7-12 градус, облыстың оңтүстік-шығысында -2 градусқа дейін, күндіз -2+3 градус, облыстың солтүстік-батысында -7 градусқа дейін жоғарылауы болжануда. Кейін ауа температурасы түнде -15-20 грдаустан -10-15 градус, оңтүстік-шығыста -7 градусқа дейін, күндіз -2-7 градустан -2+3 градусқа дейін, облыстың солтүстікбатысында -10 градустан -7 градусқа дейін ауытқуы күтілуде. 

Жауын-шашынның айлық мөлшері облыстың басым бөлігінде нормадан көп, облыстың солтүстік-батысында норма шамасында күтіледі (норма: 7-19 мм). Жауын-шашын (жаңбыр, жылбысқы қар) бірінші онкүндіктің екінші жартысында, екінші онкүндіктің басында, қар үшінші онкүндіктің басында күтіледі. Жаяу бұрқасын бірінші және екінші онкүндіктердің ортасында болжанады. Жел 15-20 м/с бір ай ішінде жиі болжанады. Тұман бірінші онкүндіктің басында, көктайғақ бірінші онкүндіктің ортасында күтіледі.  

Наурыз айында болжам бойынша ауаның орташа айлық температурасы облыстың басым бөлігінде нормадан 1° жоғары (норма: -6,7+0,0°С). Жауын-шашынның айлық мөлшері облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде нормадан көп күтіледі (норма: 10-22 мм). 

Сурет ашық дереккөзден алынды.


Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: