«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында Сыр өңірінде «Киелі мекен» апталығы бастау алған болатын.
Сыр өңірі ежелден тарихи-мәдени кескерткіштер мен қасиетті кесенелерге бай өлке. Жалпы облыста мемлекет қорғауына алынған 567 тарихи-мәдени ескерткіш бар.
Осы ретте, 14-20 сәуір аралығына жоспарланған «Киелі мекен» апталығында облыс аумағындағы барлық тарихи-мәдени ескерткіштер, облыстық тарихи-өлкетану музейлерінің аумақтары абаттандырылады.
Акцияның алғашқы күні Қызылорда қаласындағы Қорқыт ата кітабының 1300 жылдығына арналған ескерткіші, Ұлы Отан соғысында қаза тапқандарға қойылған белгі, Амангелді Иманов, Жанқожа Нұрмұхамедұлы ескерткіштерінің маңайы тазартылды.
Бір аптаға созылған тазалық акциясы аясында облыс көлеміндегі бірқатар ескерткіштер мен киелі орындар, халық шоғырланатын нысандар аумағы тазартылды.
Бүгін де облыстың белсенді жастары, әр сала өкілдері қала тазалығы үшін санитарлық тазалау, әктеу, сырлау жұмыстарын жүргізді.
Сурет Қоғамдық даму басқармасынан.