14 қаңтарда өтетін Сенат депутаттары сайлауына республика бойынша 55 кандидат түседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Өңірлік сайлау комиссиялары ұсынған мәліметке сәйкес, Сенат депутаттарын сайлау бюллетеніне 55 кандидат тіркелді. Оның ішінде Алматыдан 4, Жамбыл, Павлодар, Алматы, Жетісу, СҚО және Түркістан облыстарынан 2 кандидат бар. Басқа өңірлерден және Астана мен Шымкентте 3 кандидаттан тіркелген», - деді Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров.
Республика бойынша Сенат депутаттарын сайлауға 3 168 дауыс беруші қатысады.
Сондай-ақ, ОСК төрағасының мәліметінше, сайлау учаскелері сағат 10:00-де ашылады, ал дауыс беру сағат 11:00-де басталады.
Еске салайық, 2023 жылдың 14 қаңтарында еліміздің 20 өңірінен бір-бір Сенат депутатын сайлау өтеді.
Айта кетсек, Сенат депутаттығына кандидаттардың 95,5%-ы өзін-өзі ұсынған.