Құқық бұзушылықтарға шұғыл әрекет ету мақсатында азаматтарға арналған сервис – «102» мобильді қосымшасы жұмыс жасауда.
Қызылорда қалалық Полиция басқармасының қазіргі заманғы және заманауи техникамен қамтамасыз етілген жедел басқару орталығында (ЖБО) үлкен мониторлар орналасқан. Осы мониторларда тәулік бойы нақты уақыт режимінде қала бойынша шоғырланған бейнебақылау камераларынан деректер көрсетіледі. Мониторлар арқылы ЖБО қызметкерлері қаладағы орын алып жатқан барлық әрекеттерді мұқият бақылайды.
Қызылорда қаласы ПБ баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, мұнда “102” мобильді қосымшасы арқылы аудио-бейнеқоңыраулары да келіп түседі.
2022 жылы қосымша арқылы тұрғындардан барлығы 166 хабарлама түскен. Оның ішінде алаяқтық, тұрмыстық зорлық- зомбылық және т.б., 105 смс хабарлама, 51 бейнеқоңырау және 10 аудиожазба түсті.