Сурет ашық дереккөзден алынды.
Қала аумағында алаяқтық әрекеттері жиі орын алуда. Оның алдын-алу мақсатында құқық қорғаушылар қала тұрғындарына түсіндірме жұмыстарын жиі жүргізуде.
Мәселен, Қызылорда қаласы полиция басқармасының Ақсай полиция бөліміне жеті қала тұрғыны алаяқтың құрбаны болғаны жөнінде арызданған. Жәбірленушілерден танысы 2022 жылдан бастап «үй алып беремін» деп алдап, жалпы 920 мың теңге көлемінде ақша алған.
Басқарма қызметкерлері тексеру жұмыстарын жүргізіп, нәтижесінде қала тұрғындарын сан соқтырған бұрын сотты болған 40 жастағы күдікті азаматша ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Аталған деректер бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3 – бөлігі 4 – тармағымен (алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп - тексеру әрекеттері жүргізілуде.