Қызылордада мазут сатқандар сотталды

22
0

Қызылордалық екі кәсіпкер аса ірі мөлшердегі мазутты мұнай өнімдерінің шығарылу заңдылығын растайтын құжаттарынсыз иеленіп, сақтап, өткізіп отырған. Сондай-ақ, У.Н. есімді кәсіпкер қылмыстық құқық бұзушылықтардан түскен мүлікті мәмілелер жасасу арқылы қылмыстық жолмен алынған өзге мүлікті заңды айналымға тартып, заңдастырған. Ал, сотталушы Ж.Е. жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы қызметін атқара жүріп, өзінің іс-әрекетінің қоғамға қауіпті екенін біле тұра өзге адамдармен келісімге келіпмазут өнімін заңсыз жолмен иемденіп, серіктесіне өткізуге жәрдемдесіп келген.

ҚР ҚМА Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті сотқа дейінгі тергеп- тексеру жүргізу барысында аталған екі азамат бірлесе отырып, 2022-2023 жылдар аралығында жалпы сомасы 58 223 514 теңгені құрайтын 1023 тонна көлемдегі «М-100» маркалы мазутты мұнай өнімдерінің шығарылу заңдылығын құжаттарынсыз иеленіп, сақтап, өткізіп келгенін дәлелдеді.

 Нәтижесінде У.Н. есімді азамат Қазақстан Республикасының ҚК-нің 197-бабы 4-бөлігінің 2- тармағымен, ҚК-нің 218-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 3 жыл бас бостандығынан айырылса, Ж.Ε. есімді азаматқа ҚК- нің 63-бабы 1-бөлігіне сәйкес, шартты түрде 3 жыл бас бостандығынан айыру жаза тағайындалды.

Сонымен қатар ҚК-нің 98-2-бабы 4) тармағына сәйкес, сотталушылардың әр қайсынан жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 69 000 (алпыс тоғыз мың) жәбірленушілерге өтемақы қорына мәжбүрлі төлем өндірілетін болады. 

Айта кету керек, сот үкімімен бас бостандығынан айырылған азамат бұрында осы санаттағы істер бойынша сотты болған.

Сурет ашық дереккөзден алынды.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: