Қызылордада көші - қон қызметкерлері бір аптада 17 заң бұзушылықты анықтады

5
0

Қала аумағына келген шетелдіктердің көші-қон заңнамаларын бұзу деректерін анықтау, оларды әкімшілік жауапкершіліктерге тарту, іздеуде жүрген қылмыскерлерді анықтау мақсатында шетелдіктердің уақытша тіркелген мекен-жайларын, салынып жатқан құрылыс нысандары, базарлар мен дәмханалар тексеріліп, рейдтік іс-шаралар жүргізілуде. Қалалық полиция басқармасының мәліметінше, бір апта көлемінде 17 заң бұзушылық нақтыланған.

Нәтижесінде Көші-қон заңнамаларын бұзған ҚР ӘҚБтК-нің 517 бабымен (Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның ҚР халықтың көші-қон саласындағы заңнамасын бұзуы) 12 шетелдік анықталды. Сонымен бірге ҚР ӘҚБтК-нің 518 бабымен (Шетелдіктерді және азаматтығы жоқ адамадарды қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалардың ҚР-ның халықтың көші-қон саласындағы заңнамасын бұзуы) 4 азаматына әкімшілік шара көрілді.

Осыған байланысты, аталған бағыттағы жұмыстарды жандандыру мақсатында көші-қон қызметі бөлімінің қызметкерлері нақты тапсырмалар бойынша тиісті ұйымдастырушылық шаралар қабылдауда. Бұл бағыттағы жұмыстар өз жалғасын табады.

Сурет ашық дереккөзден алынды.


Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: