Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында Жалағаш ауданында аудандық полиция бөлімінің ұйымдастыруымен білім беру ұйымдарында оқушылар арасында түсіндірме жұмыстары кеңінен жүргізіліп келеді.
Атап айтқанда ағымдағы жылдың 22-сәуірінде Жалағаш ауданы, Ақсу ауылы №116 орта мектептің оқушылары мен ата-аналарына құқық бұзушылықтың алдын алу, балалар мен жасөспірімдердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін сақтау, қоғамдағы келеңсіз жайттардан сақтану, ішкі тәртіп талаптарын түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің ювеналды полиция тобының учаскелік полиция инспекторы полиция майоры Ж.Абдуайтов және мектеп мұғалімдерінің қатысуымен оқушылар арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Кездесу барысында қазіргі таңдағы жасөспірімдер арасындағы мәселелерге кеңінен тоқталып, заң талаптары кеңінен түсіндірілді. Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстық іс-әрекеттердің алдын-алу жолдары таныстырылып, құқық бұзған жасөспірімдерге қолданылатын шаралар және жазалар жайлы мағұлмат берілді.
Жастар арасында әлімжеттік пен құқық бұзушылықтын алдын алу, «Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылық профилактикасы мен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу», білім алушылар арасында жаман әдетке үйір болмау, түнгі рейдтер туралы, ішкі тәртіпке бой ұсыну, темекі, ішімдік заттарынан аулақ болу, бір-біріне үстемдік жасамау жөінде айтылып, жаман әдеттердің алдын-алу тақырыбында әңгіме өрбіді. Әсіресе, бопсалау сынды теріс әрекеттерге барудың аяғы жақсылыққа апармайтыны баса айтылды. Жамандыққа бармаудың жолы бос уақытты тиімді пайдалану екені түсіндірілді. Сонымен қатар, құқық бұзушылыққа, қылмысқа және кәмелетке толмағанға қарсы жасалған қылмысқа жол бермеу, интернет қауіпсіздігі мен кибербуллинг, лудомания, нашақорлықтың, зорлық-зомбылықтың алдын-алу бойынша еркін форматта ашық пікірлер ортаға салынды.
Жалпы кездесудің мақсаты – жастардың адам тәрбиесі мен қоғам тәрбиесіне байланысты көзқарастарын дұрыс қалыптастыра отырып, болашақта ұрпақ қамын жеп, тағдырын ойлайтын қоғам мүшесі болуларына жағдай жасау, «сүрініп кетіп, бүлініп жүрген тағдырлардан» сабақ алуға шақыру.
Сурет Жалағаш аудандық полиция бөлімінен