Қызылордада заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғандар сотталды

2
0


Сотталушылар Қызылорда және Ұлытау облысының тұрғындары. Нақтырақ айтсақ, Г.Сабирова, А.Рысмағамбетова, Н.Қуаныш, А.Тулебиева, Н.Төлебиева оқырман саны көп парақшаны сатып алу арқылы заңсыз құмар ойынын ұйымдастырған.

Олар өздерінің қылмыстық пиғылдарын жүзеге асыру мақсатында 2024 жылдың қаңтар айында «Instagram» әлеуметтік желісіндегі 402000 оқырманы бар «@tompikz.kz» парақша арқылы «Карта-Лото» заңсыз құмар ойын ұйымдастырған. Сондай-ақ, «WhatsApp» әлеуметтік желісінде топ ашып, сотталушылар заңсыз құмар ойынын жүйелі түрде жүргізіп келген. Желі де  оларды республиканың түкпір-түпкірінен жиналған 400 мыңнан аса оқырман бақылап отырған. Олардың қызығушылығын арттыру мақсатында сотталушылар түрлі жарнамалар арқылы ойынға халықты шақырған. 

Нәтижесінде 2024 жылдың қаңтар мен шілде айы аралығында сотталушылар   жалпы 69 822 994 теңге аса ірі мөлшерде табыс тапқан.

Соттың үкімімен сотталушыларға 2 жыл 6 ай мен 3 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазалары тағайындалды.


Қызылорда облысы бойынша

Экономикалықтергеп-тексеру

департаменті

Сурет ашық дереккөзден алынды.


Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: