Сот жұмысын ұйымдастыру мәселелері талқыланды

5
0


Сот әкімшілігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінде сот жұмысын ұйымдастыру мәселелері бойынша семинар сабағы өтті. 

Шараға департамент басшысының орынбасарлары Е.Бөрібаев, М.Асанова, бөлім басшылары, сот әкімшілерінің басшылары мен мамандары қатысты.

Семинарды М.Асанова ашып, қатысушыларды күн тәртібімен таныстырып, көтеріліп отырған мәселелердің маңыздылығына  тоқталды. 

Құжат айналымы бөлімінің басшысы А.Әбілқасымқызы жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тіркеу, қарау сапасы бойынша баяндама жасап, өтініштерді уақытылы тіркеуді жүзеге асырып, хат-хабарламаларды сауатты қалыптастыруға аса мән беру керектігін атап өтті.

Ақпараттық технологиялар бөлімінің басшысы Ш.Аманқұлов сот жүйесінде ақпараттық технологияларды қолдану барысына тоқталып, sms-хабарламалар мен аудио-бейнежазба құрылғыларын қолдану тетіктерін түсіндірді.  

Мемлекеттік құпияларды қорғау тобының бас маманы Т.Райымбеков қызмет барысында пайдалануға жататын құжаттардың рәсімделуі бойынша баяндама жасады. 

Семинар қатысушылар көтерілген мәселелер бойынша өзара пікір алмасты.

Сурет облыстық соттан.


Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: