23 қаңтарда елімізде шетелдік автокөліктерді заңдастыру басталғаны белгілі. Осыған орай мемлекеттік корпорация қызмет көрсетуді жақсарту мақсатында МХҚО-лардың жұмыс кестесін өзгерту туралы шешім қабылдады.
Автокөліктерді заңдастыру бойынша мемлекеттік қызмет көрсететін МХҚО-лар дүйсенбі және сенбі күндері аралығында сағат 9:00-ден бастап 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Осы жұмыс кестесі бойынша орталықтар келушілерді 2023 жылдың 6 ақпанына дейін қабылдайды.
Автокөліктерді заңдастыру үшін азаматтарды қабылдайтын МХҚО-лардың мекенжайларын келесі сілтеме арқылы көруге болады:https://gov4c.kz/ru/press-center/news/339502/.
Естеріңізге сала кетейік, шетелдік автокөліктерді заңдастыру 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін жалғасады.