Биыл Шиелі ауданында 30 511 гектар жерге егін егіледі

12
0

Шиелі -  ауыл шаруашылығы саласы өркендеген аудандардың бірі. Биыл мұнда 30 511 гектар жерге егін егу жоспарланған. Бұған қоса, облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, аудан тұрғындарын бақша дақылдарын егумен айналысуға 5 мың гектардан астам жер дайындалып берілмек. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Шиелі ауданының әкімі Нұржан Ахатов мәлімдеді.

-Өткен жылы аудан бойынша 30 301 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылып, мол өнім қамбаға құйылды. Шиелілік диқандарымыздың осы тынымсыз еңбегінің арқасында ауданымыз «Үздік аудан» номинациясын иеленіп, озат атанды. Бұл көрсеткіштерді одан әрі дамыту мақсатында биыл да нәтижелі жұмыстар атқарылады. Мал шаруашылығына тоқталсам, ауданымызда төрт түлік мал басы мен одан өндірілген өнім көлемінде тұрақты өсім бар. Атап айтқанда, былтыр мүйізді ірі қара саны 109,2 пайызға, уақ мал 107,5 пайызға, жылқы 109,9 пайызға артып отыр, - деді аудан басшысы Нұржан Сәбитұлы.


Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: