Түркиядағы жер сілкінісінен кейін хабарсыз кеткен Сабина Мамадьярова аман табылды

15
0

Түркиядағы жер сілкінісінен кейін хабарсыз кеткен Сабина Мамадьярова аман табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түркияның Хатай провинциясы, Антакия қаласында хабарсыз кетті делінген қазақстандықтарды іздеуге шыққан топ Сабина Мамадьярованың аман табылғанын хабарлады. Олардың мәліметі бойынша, отандасымыздың қолы сынған. Қазір оны ауруханаға апара жатыр.

«Қазір құтқарушылар үйінділерді аршу жұмыстарын жедел атқарып жатыр. Қалғандары да Сабина табылған тұстан алыста болмауы керек. Ақпарат пайда болған сәтте-ақ хабарлаймыз», -деп жазды іздеуші топ өкілдері.

ҚР СІМ баспасөз қызметі таратқан мәліметке сай, 7 ақпанда министрліктің «жедел желісіне» 4 дос жер сілкінісінен кейін байланысқа шықпай қалғаны туралы қоңырау түскен. Олардың үшеуі ҚР азаматы, ал төртіншісі Түркия азаматы.

«Жоғалған жастардың соңғы орналасқан жерін туыстарынан біліп, біздің дипломаттарымыз дереу түрік билігіне хабарласты. Қазақстанның Елшісі Еркебұлан Сәпиев Түркияның Ішкі істер министрлігінің басшылығымен келіссөздер жүргізіп, нәтижесінде Хатай провинциясының Антакья қаласындағы аталған мекен-жай бойынша құтқарушылар тобы жіберілді.

Қазір отандастарымызды соңғы рет көрген үйде іздестіру-құтқару операциясы жалғасуда. Әзірше Сабина Мамадьярова мен олардың түрік досы Кубилай Кескин табылды. Екеуі де аман-сау, оларды дәрігерлер тексеруі керек. Жұмыс жалғасуда. Қалған жігіттер де аман-есен табылады деп үміттенеміз» делінген ведомство хабарламасында.

Бұған дейін Түркияның оңтүстік-шығысындағы жер сілкінісінен кейін бірнеше қазақстандықтың хабарсыз кеткені туралы мәлімет пайда болған еді.

Сурет: t.me/rescuekz

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: