Мектеп өртенді

22
0

Павлодар облысында мектеп өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Pavlodarnews.kz. сайтына сілтеме жасап.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 11 ақпан күні сағат 07.34-те Тереңкөл ауданы Бобровский ауылдық округінің Жасқайрат ауылында Жасқайрат орта мектебінде

«Өрт сөндіру бөлімшесінің қызметкерлері оқиға орнына келгенде Жасқайрат орта білім беру мектебінің бірінші қабатының төбесі өртенгені анықталды. Алдын ала болжам бойынша, өрттің жану аумағы 25 шаршы метрді құрайды», – деді департаментте.

Тілсіз жау сағат 09:03-те оқшауланып, сағат 09.50-де толығымен жойылды. Өртті сөндіруге Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің үш техникасы, 12 қызметкері жұмылдырылды.

Өрттің шығу себебі мен келтірілген шығын көлемі анықталуда.

Сурет ашық дереккөзден алынды.


Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: