2023 жылғы 29 маусымда сағат 18:30 шамасында Қармақшы ауданы 102-ші разьезд тұсында Сырдария өзеніне 17 жастағы баланың суға батып кеткендігі жөнінде хабарлама түскен.
Аталған шақырту бойынша Арал ауданы Қамыстыбас елді мекенінде орналасқан құтқару бөлімшесінен 4 құтқарушы 1 техника, үрлемелі қайық және 2 жинақ сүңгуір жабдықтарымен жұмылдырылды.
"Оқиға орнына жеткен құтқарушылардың мәліметінше суға батқан азамат 2003 жылғы, Қармақшы ауданы Ақай ауылының тұрғыны, Болашақ университетінің 2 курс студенті екені анықталды. Сүңгуірлер 22 сағат 35 минутта іздестіру жұмысын аяқтады, алайда іздестіру жұмысы нәтиже бермеді. Бүгін, яғни ,30 маусым таңғы сағат 04.35 минутта іздестіру құтқару жұмыстарын сүңгуірлер қайта бастады, – деп хабарлайды Қызылорда облысы ТЖД “Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі” ММ баспасөз қызметі.
Сурет ашық дереккөзден алынды.