AMANAT үгіт-насихат баннерін күні бұрын іліп тастаған компанияны сотқа бермек

40
0







 Қарағанды қаласында «AMANAT» партиясының бірнеше үгіт-насихат баннері уақытынан бұрын ілініп, сайлау туралы заңнама бұзылғаны туралы ақпарат БАҚ пен әлеуметтік желілерде тарап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

AMANAT партиясы Қарағанды филиалының мәліметінше, сыртқы жарнаманы уақытынан бұрын ілу фактісі Қарағанды қаласы бойынша қызмет көрсетуші «Reklama city» және «БИРСК» ЖШС компаниялары тарапынан болған.

Аталған заңбұзушылық сағат 15:00-де анықталып, 30 минут ішінде материалдар алынып тасталды.

«Reklama city» және «БИРСК» ЖШС компанияларының бұл әрекеті - заң мен келісімшарт міндеттерін өрескел бұзу. Келісімшартта көрсетілгендей, үгіт-насихат материалдарының бәрі Орталық сайлау комиссиясы бекіткен күнтізбелік жоспар бойынша 2023 жылдың 18 ақпаны күні сағат 18:00-ден бастап ілінуі тиіс» деп мәлімдеді партия филиалы.

Партия өз кезегінде сот органдарына жүгініп, қызмет көрсетуші компаниялармен келісімшартты біржақты үзеді.

Сондай-ақ Ratel.kz басылымының жазуынша, Қарағандыда тағы бір өзін-өзі депутаттыққа ұсынған кандидаттың баннері де күнібұрын ілінген.

Бұл баннерлердің суретін редакцияға қала тұрғындары жолдаған.

Сурет ашық дереккөзден алынды.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: