ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Қызылорда облысының медициналық ұйымдарының басшыларымен кеңес өткізіп, халыққа медициналық көмек көрсетудің негізгі бағыттарын талқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Өткен жылмен салыстырғанда өңірдің денсаулық сақтау саласының бірқатар негізгі медициналық-демографиялық көрсеткіштерінің оң динамикасына қарамастан, кеңес барысында емханалар мен стационарлар менеджменті деңгейінде шешуді, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдарды қолдауды талап ететін көптеген проблемалық мәселелер көтерілді.
Бұл ана мен бала денсаулығын сақтау саласында медициналық көмекті ұйымдастыруға, МСАК-тың тиімді жұмысының жеткіліксіздігіне, профилактикалық тексеру жүргізу кезінде аурулардың төмен анықталуына, медициналық объектілерді техникалық жарақтандыруға қатысты.
Денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудник атап өткендей, Қызылорда обылысында қанайналым жүйесінің ауруларынан болатын өлім-жітім көрсеткіші өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 17,8% төмендеген.
Бұл ретте жіті миокард инфарктісінен болатын өлім-жітім саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,4% өсті.
Жыл қорытындысы бойынша қатерлі ісіктен болатын өлім-жітім көрсеткіші 100 мың халыққа шаққанда 48,3-ті құрап, 12,5%-ға төмендеді.
Ол өңірде жарақаттанудан, уланудан және жазатайым оқиғалардан болатын өлім-жітім 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,3% және 21% өскенін атап өтті.
Сурет: t.me/DenMinPR