Қызылордада 14 жастағы жасөспірім суға кетіп қайтыс болды

24
0

Оқиға 14 мамырда Қызылорда қаласы аумағында болды. Жергілікті уақытпен 13.23-те Облыстық төтенше жағдайлар департаментіне оқыс оқиға туралы хабар келіп түсті.

«Хабарламада 13:00 шамасында Қызылорда қаласы «Мерей» шағынауданы маңындағы Сырдария өзеніне жасөспірім суға батып кеткені айтылған. Ол жабдықталмаған орында суға шомылған. 2009 жылғы жасөспірімнің денесін сүңгуірлер іздестірді. Нәтижесінде сағат 14.48-де жасөспірімнің денесін судан алып шықты. Балаларды қараусыз қалдырмауды, қайғылы жағдайға ұшырамас үшін баланы қадағалауды сұраймыз», - деді Қызылорда қалалық төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Жасұлан Түйменов.

Ведомство мәліметінше, былтыр қала көлемінде 12 адам су айдынында қаза болды, оның 6-уы бала.

Сурет ашық дереккөзден алынды

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: