Елорда жастарына 2,5 пайызбен 5 млн теңгеге дейін шағын несие беріледі

3
0

Елордада бизнес идеяларды іске асыруға берілетін өтеусіз грантқа өтінім қабылдау басталды. Бұл туралы Астана қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Жүсіпов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биылғы жаңашылдықтардың бірі – жастар үшін 2,5 пайызбен 5 млн теңгеге дейін шағын несие беру көзделген. Сонымен қатар, кәсіптік біліктілікті арттыру мақсатында бір реттік ваучерлер қызметі ұсынылады. 20 ақпаннан бизнес идеяларды іске асыруға өтеусіз гранттарды алуға өтінімдер қабылдау басталды», - деді Ерлан Жүсіпов Астана қаласы коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Бизнес идеялар грантына өтінім business.enbek.kz сайтында онлайн қабылданады.

«Биыл әлеуметтік тұрғыдан осал топқа жататын 132 адамға грант бөлу жоспарланып отыр. Бос жұмыс орындары туралы ақпаратты қалалық жұмыспен қамту басқармасының ресми сайты мен электронды еңбек биржасынан онлайн қарауға болады», - дейді ол.

Оның айтуынша, биыл елордада 24 мыңнан астам адамды жұмыспен қамту жоспарланған, оның 16,5 мыңнан астамы – жастар.


Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: