Қызылорда облысында үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған 1961 жылғы ер азамат іздестірілуде, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оқиға Жаңақорған ауданында болған. Ол үйінен таңғы сағат 5-тер кезінле шығып кеткен.
«Адам жоғалғаны туралы арызға байланысты аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары мен жедел уәкілдерінен топ құрылды. Жедел іздестіру амалдары жүргізілуде», - деді Қызылорда облыстық полиция департаментінен.