Қызылорда қаласында тұрғын үйден өрт шықты

8
0

13 наурыз күні  06:10 уақытта 101 пультіне  Қызылорда қаласы, Белкөл кенті С. Ыбыраев көшесі н/з мекен жайда тұрғын үй жанып жатқаны жөнінде хабарлама түскен.  Аталған шақырту бойынша жақын орналасқан  №6 өрт сөндіру бөлімінен 3 техника 11 қызметкер жұмылдырылды.  

Өрт сөндірушілердің барлау жұмыстарының нәтижесінде ауданы шамамен 19х10 метр болатын қараусыз қалған тұрғын үйдің  шамамен ауданы 15х10 метр болатын төбе жабындысы жанып жатқаны анықталды. Өрт сөндірушілердің біріккен әрі жедел әрекетінің арқасында өрт  07 сағат 07 минутта оқшауланып, 07 сағат 37 минутта толық жойылды.  Өрттен зардап шеккендер мен жарақат алғандар жоқ. Тілсіз жаудың шығу себебі мен шығыны анықталуда.




Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: