Қызылордада бала құдыққа түсіп қаза болды

34
0

Бүгін  сағат 13-тен 54 минут өткенде Төтенше жағдайлар Департаменті Дағдарыс жағдайында басқару басқармасына  хабарлама келген. 

Онда Жаңақорған ауданы, Қандөз ауылы, С.Молдалиев көшесі №12 үйде 2021 жылы туған бала бүгін сағат 11-ден 30 минут өткен шамасында ауладағы су алатын құдыққа түсіп қайтыс болғаны айтылған. 

Анықталғанындай, бала Түркістан облысы, Сауран ауданы, Балтакөл елді мекенінің тұрғыны екен,  анасымен бірге нағашысының үйіне қыдырып  келген. 


Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: