Ең төменгі жалақыны анықтаудың жаңа әдістемесі тиісті келісуден өтіп жатыр - министрлік

3
0

Ең төменгі жалақыны анықтаудың жаңа әдістемесі мемлекеттік органдарда келісуден өтіп жатыр. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушы Тамара Дүйсенова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Министрлік ең төменгі жалақыны анықтаудың жаңа әдістемесін әзірлеу жұмыстарын жалғастырып жатыр. Ең төменгі жалақы мөлшері медиандық жалақы мен еңбек өнімділігіне қарай айқындалады. Бүгінде Әдістеме мүдделі мемлекеттік органдармен және әлеуметтік әріптестермен келісіліп жатыр. Биылғы 1 шілдеге дейін Әдістемені заңнамалық тұрғыдан бекіту үшін Еңбек кодексіне енгізілетін түзетулерді әзірлеуді жоспарлап отырмыз», - деді Т. Дүйсенова Үкімет отырысында Президенттің ҚР Парламенті сессиясының ашылуында берген тапсырмаларын іске асыру барысын талқылау кезінде.

Бұдан бұрын хабарланғандай, зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтіндерді әлеуметтік қорғау тәсілдері әзірленді.

сонымен қатар, мүгедектігі бар азаматтарға, оларға күтім жасайтындарға берілетін әлеуметтік жәрдемақылар мөлшерін тағы 14,5 пайызға көтеру мәселесі пысықталып жатыр.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: