Қызылорда: Аурухана балконынан құлап қайтыс болған әйел жайлы жаңа деректер белгілі болды

88
0

 Қызылордада аурухана балконынан әйел кісі құлап, қайтыс болғаны туралы бұдан бұрын хабарлаған болатынбыз. Марқұм жайлы жаңа деректер белгілі болды, – деп хабарлайды Insight-El.kz ақпарат агенттігі. 

Оқыс оқиға тіркелген көп бейінді облыстық аурухана басшылығы төмендегіше түсініктеме берді.

Қайтыс болған науқас 61 жаста, Қызылорда қаласының тұрғыны. Ауруханаға 1 тамызда жедел жәрдем бригадасымен жеткізілген. 

«Науқас амбулаторлы диспансерлік есепте тұрмайды. Бас ауруы, айналуы, жалпы әлсіздік және ұйқысының бұзылуына байланысты тексерілген. Невролог, психиатр мамандарына қаралған, ем тағайындалған. Жақсару болмауына байланысты жедел жәрдем көлігімен көп бейінді облыстық ауруханасына жеткізілген. Аурухананың №1 терапия бөлімшесіне «Вертебро-базилярлы жетіспеушілік синдромы. Астено-депрессивті жағдай. Артериалды гипертензия 2 дәрежелі, қауіп факторы 4» диагнозымен жатқызылған, емі тағайындалған», - деп мәлім етті көп бейінді облыстық ауруханадан. 


Ведомство мәліметінше, 6 тамызда сағат 16:10-да палатадағы балконнан секіріп кеткен. Сол мезетте кардиореанимация бөлімшесіне жеткізілген.

«Науқасқа реанимациялық шаралар жасалғанмен, нәтижесіз болды. Сағат 17:25-те науқастың биологиялық өлімі тіркеліп, 

102-ге хабар берілді. Жедел топ куәгерлерлер және медициналық қызметкерлерден түсінік алды. Палатада 3 науқас жатқан. Оқыс оқиға болардан бұрын  олар бірге тамақтанған. Біреуі тоңазытқышқа зат қоюға шыққан. Екінші науқас жуыну бөлмесіне кірген. Сол мезетте науқас секіріп кеткен. 

Мәйіт сот медициналық сараптамаға жолданды», - деп толықтырды ауруханадан.

Сурет ашық дереккөзден алынды.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: