Сурет ашық дереккөзден алынды.
«Отан үшін отқа түс – күймейсің» бұл халық қаһарманы Бауыржан Момышұлы әрбір адамның туған елін, жерін қорғауы міндетін айтты. Отанды қорғау ер азаматтың парызы саналады. Айбарлы Ата Заңымызда да «Қазақстан Республикасын қорғау – оның әрбір азаматының қасиетті парызы мен міндеті» деп жазылған. Ер – елдің қорғаны. Әрбір азамат өз елінің патриоты болып, жерін қорғауға қауқарлы болуы керек.
Бүгінде білім де, жігерлі полиция қызметкеріне сұраныс жоғары. Сабыр мен қажыр-қайратты, қырағылық пен шапшаңдықты, тез шешім қабылдауды қажет ететін қасиеттерге ие полиция қызметкері болуға Қызылорда, Жамбыл, Түркістан облыстары мен Шымкент қаласының жастары жұмысқа шақырылады. Олардың ұстамды болуы, азаматтармен тіл табыса біліп, мәдениеттілік сақтауы аса маңызды.
ІІМ көліктегі полиция департаментінің Көкшетау станциясындағы желілік полиция бөлімі бос лауазымдарға және кіші басшы құрамға орналасуға конкурс жариялайды. Патрульдік полиция тобының полицейі болу үшін кандидаттарға қойылатын жалпы талап, 35 жастан аспаған, бойы 170 см-ден төмен емес, орта және тиісті арнайы білімі бар, дене шынықтырумен даярланған ҚР ҚМ ВТШ әскери қызметінен немесе әскери дайындалған резервтің әскери даярлығынан өткен немесе әскери қызметке жарамды деп танылған, бірақ қолданыстағы заңнамаға сәйкес әскерге шақырудан кейінге қалдырылған азаматтар қабылданады. Өзіне және отбасы мүшелеріне пәтерақы төленеді. Үміткерлерден құжаттар қабылдауға Көкшетау қаласы, Шалқар көшесі 9 А, мекен-жайында орналасқан, Көкшетау станциясындағы Желілік полиция бөлімі дайын. Байланыс телефоны: 8 (716-2) 29-34-56; 29-37-06; 8747 249 3829 .
Тек, «Мен полиция боламын!» деген жігерлі жігіттер болса жеткілікті.
Фариза ПРИМЖАРОВА,
Көкшетау станциясы, Желілік полиция бөлімінің кадр саясаты тобының инспекторы