Екі күн бұрын, яғни, 10 қаңтар күні 11 сағат 48 минутта өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметіне Қызылорда облысы Арал ауданы Ақеспе елді мекенінен 20-25 шақырым жерде орналасқан Шөмішкөл балық аулау учаскесінде кіші теңізге Арал қаласының тұрғыны 1963 жылғы азамат Уаз автокөлігімен суға батып кеткені жөнінде хабарлама түсті. Шақырту бойынша іздестіру жұмыстарына Арал ауданы, Қамыстыбас елді мекеніндегі жедел-құтқару жасағы бөлімшесінен 4 құтқарушы, үрлемелі моторлы қайық пен және 3 жиынтық сүңгуір құрал- жабдықтарымен жетті. Бұл туралы өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі хабарлады.
Теңіз жағасынан шамамен 7 шақырым болатын оқиға орнындағы мұз қалыңдығы шамамен 35 см, су терендігі шамамен 14 метр екені анықталды. Ауа райының қолайсыздығына байланысты іздестіру жұмыстары кеше, яғни, 11 қаңтар күні басталды. Іздестіру жұмыстарының нәтижесінде 14 метр тереңдіктен уаз автокөлігі табылды. Алайда көлік ішінде адам табылмады. Бүгін жедел құтқару жасағы сүңгуірлерінің тыңғылықты жұмысының нәтижесінде оқиға орнынан 6 метр жерде су астындағы мұзға жабысып қалған азаматтың денесі табылды.