Департамент басшысы БАҚ өкілдерімен кездесті

32
0

Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Бақыт Сапарғалиұлы Қайшыбеков БАҚ өкілдерімен кездесті. 

      «Дөңгелек стол» басында Бақыт Сапарғалиұлы  жергілікті басылымдарға, телеарналар және республикалық БАҚ-тың өңірлік тілшілеріне департамент қызметінің 2022 жылғы қорытындысы бойынша ақпарат берді. Департамет басшысы журналистермен емен-жарқын сұқбат құрып, экономикалық қылмысқа қатысты әрбір фактіні ақпарат негізіне алғанда оны жан-жақты зерттеу тақырыбына да айналдыру туралы ұсыныс білдірді.

      Қатысушылар тарапынан ақпаратты таратудың жаңа форматтарын қолдана отырып,  қоғамдық пікірді білдіретін тың жобалар құру туралы ұсыныстар талқыланды.

      Кездесу соңында департамент қызметін ақпарттандыруда белсенділік танытқан бірқатар журналистер Алғыспен марапатталды.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: