Астана қаласында өтіп жатқан жеңіл атлетикадан жабық кешендегі Азия чемпионатында Элина Михина топ жарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстандық желаяқ әйелдер арасында 400 метрге жүгіруде сынға түсті. 28 жастағы атлет аталған қашықтықты 54.07 секундта бағындырды.
Сондай-ақ ерлер арасында 400 метрге жүгіруде қазақстандық Михаил Литвин күміс жүлдегер атанса, Ақбаян Нұрмамет 1500 метрге жарыста қола жүлде жеңіп алды.
Қазір Қазақстан қоржынында 2 алтын, 2 күміс пен 1 қола медаль бар.
10 ақпанда ел құрамасынан Каролин Чепкоеч 3000 метрге жүгіруден мәре сызығын бірінші болып қиса, 60 метрге жүгіруде қазақстандық Ольга Сафронова күміс жүлдені жеңіп алды.
Жарысқа 31 елден келген 360 спортшы қатысуда. Олар жеңіл атлетиканың 26 түрінен сайысқа түседі. Құрлықтық дода 12 ақпанда мәресіне жетеді.
Сурет ашық дереккөзден алынды.