Бокстан жастар арасындағы Азия чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды

8
0

Сурет ашықкөздерден алынды

 Бокстан 19-22 жас арасындағы Азия біріншілігі (U-22) 16-27 қаңтар күндері Таиланд елінің астанасы Бангкок қаласында өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан бокс федерациясынан мәлім еткендей, еліміздің жігіттер және қыздар құрамасы толық құрамда бақ сынайды.

Жігіттер 13 салмақ дәрежесінде рингке шығады.

Ел намысын мына спортшылар қорғайды:

Санжар Тәшкенбай (48 кг),

Даниял Сәбит (51 кг),

Нұрсұлтан Алтынбек (54 кг),

Махмұд Сабырхан (57 кг),

Талғат Сырымбетов (60 кг),

Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (63,5 кг),

Абзал Серік (67 кг),

Сабыржан Аққалықов (71 кг),

Диас Молжігітов (75 кг),

Ерасыл Жақпеков (80 кг),

Сағындық Тоғамбай (86 кг),

Ерхат Бекзат (92 кг),

Аманат Сабырғали (+92 кг).

Қыздар 12 салмақ дәрежесінде сынға түседі.⠀

Әнел Құдайберген (48 кг),

Мөлдір Тойкова (50 кг),

Жансая Рахимберді (52 кг),

Әнел Сақыш (54 кг),

Виктория Графеева (57 кг),

Шахназ Исаева (60 кг),

Назерке Серік (63 кг),

Ақнар Ищанова (66 кг),

Жасмин Қизатова (70 кг),

Дана Дидай (75 кг),

Гүлсая Ержан (81 кг),

Елдана Тәліпова (+81 кг).




Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: