Қызылордалық «Ақмешіт» футбол командасы жеңімпаз атанды

3
0

Фото Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы


Қызылорда қаласының ғасырлық мерейтойына тамаша тарту.

Елордада ҚР Парламенті Мәжілісінің ұйымдастыруымен 25 қазан – Республика күніне орай бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері арасында шағын футболдан «Majilis Cup – 2025» республикалық турнирі өтті.

Төртінші мәрте ұйымдастырылған  доп додасына еліміздің барлық өңірінен келген 20-ға жуық команда қатысты. Сол командалардың ішінен ерекше ойын өрнегін көрсеткен қызылордалық «Ақмешіт» футбол командасы бірінші  орынды жеңіп алды. 

Жалпы жарыс нәтижесінде «Ақмешіт» командасы  (Қызылорда) І орынды жеңіп алса, «AsNews» командасы (Астана) ІІ орын, «KFF Media» командасы (Астана)  ІІІ орынды иеленді.




 

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: