Amazon бұрын 10 мың қызметкерін қысқартатыны жайлы хабарлаған еді. Енді ол сан 8 мыңға артып, 18 мың қызметкерін қысқартатын болып жатыр. Бұл туралы сәрсенбі күні компанияның онлайн-сату жөніндегі бас директоры Энди Джесси мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС жаңалықтарына сілтеме жасап.
Сурет: Michel Spingler, STR / Associated Press
Өткен жылдың қараша айында Amazon басшылығы 10 мың адамды жұмыстан шығаруды жоспарлап отырғаны хабарланған болатын. Джессидің айтуынша, бұл шешім 2023 жылды жоспарлау аясында «экономикадағы белгісіздік және соңғы екі жылда көп қызметкерлердің жұмысқа алынуына» байланысты қабылданған.
Жүргізілген талдау нәтижелері бойынша Amazon басшылығы бірнеше лауазымдарды «қосымша жою туралы шешім» қабылдады. Жалпы сату және қызметкерлерді жалдау бөлімдерінен 18 мыңнан астам қызметкер жұмыстан босатылады.
Соңғы екі жылда Amazon қызметкерлерінің саны коронавирус пандемиясынан туындаған онлайн қызметтерге сұраныстың артуына байланысты екі есеге жуық өскен. Сонымен қатар, санитарлық шектеулер алынып тасталғандықтан, компания кірісінің өсімі баяулады. The Wall Street Journal басылымының мәліметі бойынша, Amazon 2022 жылдың қыркүйегіндегі жағдай бойынша барлығы 1,5 миллионға жуық адамды жұмыспен қамтыған.