2017 жылы Нью-Йоркте теракт жасаған Сайфулло Саипов өмір бойына сотталды

7
0

2017 жылы Нью-Йоркте сегіз адамның өмірін қиған лаңкестік әрекетті жасаған Өзбекстан тумасы Сайфулло Саипов АҚШ-та шартты түрде мерзімінен бұрын босату құқығынсыз өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы ҚазАқпарат ВВС-ге сілтеме жасап хабарлайды.

Сотталушы 2010 жылы АҚШ-қа көшіп келген. 2017 жылдың 31 қазанында ол шағын жүк көлігін жалға алып, онымен велосипед жолына шығып адамдарды қаққан еді.

Қайтыс болған сегіз адамның арасында Аргентинадан келген бес адам бар, тағы 12 адам жарақат алды. Полицейлер Саиповты ішіне оқ атып ұстады.

Саипов «Ислам мемлекеті» жиһадтық тобының атынан әрекет еткенін мәлімдеді.

Ол қаңтарда бірнеше кісі өлтіру және терроризм айыбы бойынша сотталған.

Оның соты Джо Байденнің президенттігі кезіндегі бірінші федералды сот процесі болды, онда прокурорлар сотталушыны өлім жазасына кесуді талап етті.

Алқабилер Саиповты кінәлі деп тапты, бірақ оны өлім жазасына кесу үшін Нью-Йорк заңы бүкіл 12 алқабидің бірауыздан шешім шығаруын талап етеді, бірақ ондай шешім шықпады.

Сайфулло Саипов қалған өмірін Колорадо штатындағы ADX Florence федералды түрмесінде өткізеді.

Бұл түрмеде 2013 жылғы сәуірде Бостон марафонының мәре сызығында жарылыс ұйымдастырғаны үшін өлім жазасына кесілген Джохар Царнаев отыр.

Сурет ашық дереккөзден алынды.


Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: