Қазақстандықтар 3 наурыздан бастап банкроттыққа өтініш бере алады

6
0

Сурет ашық дереккөзден алынды

Қазақстандықтар 2023 жылдың 3 наурызынан бастап банкроттыққа өтініш бере алады. Бұл туралы ҚазАқпарат Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Айта кетсек, 2022 жылғы 22 желтоқсанда Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» ҚР қол қойды. Бірақ Ақордада 30 желтоқсан күні жарияланды. Аталған заң ресми жарияланғаннан кейін 60 күн өткеннен соң әрекет ете етеді.

Жалпы банкроттық туралы заң рәсімнің үш түрін көздейді, олар – соттан тыс банкроттық, сот арқылы банкроттық және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру. Аталған рәсімдерге тек қарыз алушының өзі бастамашы бола алады, яғни кредитор борышкердің банкроттығына өтініш беруге құқылы болмайды. Толықырақ ҚазАқпараттың тілшісінің мына жерде жарияланған ақпаратынан оқуға болады.

Соттан тыс немесе сот арқылы банкроттық рәсімін қолдануға шешім қабылдаған борыш мыналарды білгені дұрыс:

- 5 жыл бойы қарыз және микрокредит алуға тыйым салынады (ломбард тардың микрокредиттерін алуды қоспағанда);

- қайта банкроттық болу 7 жыл өткен соң ғана мүмкін болады;

- банкрот болған тұлғаның қаржылық жағдайына банкроттықтан кейін 3 жыл бойы мониторинг жүргізілетін болады.

Сонымен қатар бұған дейін билік өкілдері егер адамдар банкрот болса, қарызы кешіріледі деген қате түсінік екенін айтты.



Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: