Қызылордалық жас мұғалім республикалық байқаудан «ENERGIZER- ҰСТАЗ» номинациясын иеленді

142
0

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен «Балдәурен» РОСО» РМҚК базасында  17 мен 21 сәуір аралығында «Жаңа мектепке - жаңашыл ұстаз» атты жас педагогтердің VІ республикалық байқауы өтті.   

Жас педагогтардың әлеуметтік мәртебесін және шығармашылық әлеуетін көтеру, кәсіби шеберліктерін жетілдіруге жағдай жасау және оларды еліміздің білім беру мекемелерінде бекітуді мақсат еткен байқауға  57 педагог қатысқан болатын. Бұл білім бәсекесіне Сыр өңірінен 3 мұғалім қатысып, бақ сынады. 

Байқау қорытындысы бойынша  Сырдария ауданы №42 мектеп-лицейінің химия пәнінің мұғалімі Төлеген Піржан үздіктер қатарынан көрініп, «ENERGIZER- ҰСТАЗ» номинациясын иеленді.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: