Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы АҚШ пен Еуропада қарқынды тарап жатқан коронавирустың жаңа штамына алаңдаушылық танытты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ДДҰ коронавирустың Omicron XBB.1.5 штамы аурудың жаңа толқынын тудыруы мүмкін деп санайды, деп хабарлайды Politico.
Бұл штамм қазірдің өзінде бірнеше континенттегі 29 елден анықталған.
«Бізді оның өсу қарқыны алаңдатады, атап айтқанда Еуропадағы және АҚШ-тың солтүстік-шығысындағы кейбір елдерде XBB.1.5 бұл дерттің қосалқы түрлерін тез арада басып кетті», - деді ДДҰ-ның Covid -19 бойынша техникалық қызметкері Мария Ван Керхове.
Сонымен қатар, сарапшылар бұл вирус тудырған аурудың ауырлығы туралы біржақты жауап бере алмай отыр. Omicron XBB.1.5 вирустың басқа нұсқаларына қарағанда ауырырақ болатыны немесе болмайтыны белгісіз.
Ван Керхованың айтуынша, сарапшылардың болжамынша жаңа штамм әлдеқайда ауыр болады. Анығы жақын күндері жарияланады.
Ал Financial Times ДДҰ Қытайды коронавирустан ауруханаға жатқызылғандар мен қайтыс болғандар саны туралы толық ақпарат бермей отырғанын сынағаны туралы жазды.
Қазақстанда COVID-19 ауруының өсуі жалғасуда. 2022 жылдың желтоқсан айының соңында елде коронавирустың жарты айдағы алғашқы өлімі тіркелді.