Қызылордада бір күнде екі науқасқа бүйрек трансплантациясы жасалды

21
0


Көпбейінді облыстық ауруханада бір күнде екі науқасқа бүйрек трансплантациясы жасалды. 

Бірінші науқас 1986 жылы туған. Ол 2016 жылдан бері Гломерулонефритпен «Д»есепте тұрады.  Науқас Корея мемлекетінде бірнеше рет тексеріліп, ем алған. Дегенімен бүйрек жетіспеушілігі дамып, былтырдан бері диализ қабылдаған. Оған туған ағасы донор болды. 

Екінші трансплантация 1998 жылы туған науқасқа жасалды. 2022 жылдан бері созылмалы бүйрек жетіспеушілігімен «Д» есепте тұрады. Сол кезден бері диализ қабылдайды. Науқасқа апасы донор болған. 

Ота сәтті өтті. Науқастардың жағдайы орташа ауырлықта,  тиісті ем қабылдап жатыр. 

Бұл облыстық көпбейінді ауруханада биыл жасалған алтыншы трансплантация.



Сурет көпбейінді облыстық ауруханадан

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: