Қызылордада кәмелетке толмаған екі қызды жезөкшелікке тартқан деген күдікпен әйел ұсталды

28
0

Қызылордалық полицейлер кәмелетке толмаған екі қызды жезөкшелікке тартқан әйелді анықтады. Бұл туралы  Polisia.kz сайты хабарлады.

Күдікті Kyzdar.net сайты арқылы қыздардың қызметін Алматы, Тараз, Шымкент және Қызылорда қалаларында ұсынып, оларды жезөкшелікке тартқан. Әйел мұндай әрекеттері үшін сыйақы алып отырған.

Қазір аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 134-бабының 2-бөлігі 2-тармағымен сотқа дейінгі тергеу әрекеттері басталды.

Тиісті сот – медициналық сараптамалар тағайындалды.

Полиция қызметкерлері осы қылмысқа қатысы бар басқа да тұлғаларды анықтауға бағытталған іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: